Іздеу

Назгүл Бошан

Бас редактор 

Мен — Назгүл Бошан. Телевизияға өзімді сынап көру үшін алғаш рет - 28 жасымда, есейген шағымда келдім. Бірақ бұл сала менің өмірлік жолыма айналды. Бүгінде шәкірттерімнің еліміздің түрлі республикалық телеарналарында еңбек етіп жүргенін зор мақтанышпен айта аламын. Сынға ренжімей, кәсіби тұрғыда өсуге дайын болғандары үшін оларға алғысым шексіз. Қазір нағыз мықты мамандардан құралған командамен жұмыс істеп жүрмін, олардан әлі де үйренерім көп. Саяхаттағанды, табиғатты, жануарларды жақсы көремін. Ал тағы бір сүйікті ісім — саңырауқұлақ теру... Өкінішке қарай, оған уақыт сирек табылады.