«Таза мекен» — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы тазалыққа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған әлеуметтік-танымдық тележоба.
Бағдарламада өңірлердегі санитарлық жағдай, экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылады. Әр шығарылымда нақты елді мекендерге барып, көшелердің тазалығы, инфрақұрылымның жай-күйі, тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері және тұрғындардың экологиялық сауаттылығы сарапқа салынады.
Сонымен қатар, жоба аясында жауапты мемлекеттік органдардың жұмысы, мамандар пікірі және қоғам белсенділерінің бастамалары көрсетіледі. Бағдарлама тек мәселені көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер мен оң өзгерістерге бағытталған ұсыныстар ұсынады.
«Таза мекен» — әрбір азаматты өз ортасына жанашыр болуға, тазалықты сақтауға және ортақ жауапкершілікке шақыратын маңызды медиа алаң.