Республика күніне орай Алматыда «Отан, сенде өте дархан құшақ бар» атты әдеби кездесу өтті. Шараға ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан қатысып, оқушылармен Отан тақырыбы, ұлттық рух пен поэзияның маңызы жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында оқушылар ақынға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өлеңдерін оқыды. Қоры 10 мың кітап данасын құрайтын «Құлагер» кітапханасы осындай тағылымы мол шығармашылық кездесулерді ай сайын жалғастыра бермек. МҰРАТХАН ШОҚАН-ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ- Сөздің қасиеті бар, сөздің энергиясы бәрібір жүрекке жетеді. Бұл жерде өлең оқимыз, жастар сұрақ қояды. Сол барыста бұлар өздерінің құндылығын, өмірге көзқарасын ішінен біреуі болмаса да біреуі өзгертеді, жоқ дегенде құлағында қалады. АЯЖАН ҚАСЫМ-ОҚУШЫ- Бүгінгі Мұратқан Шоққанмен кездесу мен үшін өте әсерлі болды. Себебі ол ақынның осы жазушылыққа келген оқиғасы арқылы менің әдебиетке деген қызығушылығым артты десек болады.