Шың басында бөй көтерген нысан

Алматы облысында биыл туризм саласынан түскен табыс көлемі – 2,5 миллиард теңгеге жетті. Оған сеп – өңірде ашылып жатқан жаңа туристік нысандар. Талғар ауданында орналасқан Ой-Қарағай демалыс аймағы халық толассыз келетін орынның бірі. Тау курортында теңіз деңгейінен 2140 метр биіктікте орналасқан Ақтас мейрамханасы ашылды. Енді Ой-Қарағайға келушілер Іле Алатауының асқақ шыңы мен көркем табиғатын жаңа Ақтас мейрамханасынан дәм тата отырып, тамашалай алады. Демалыс орны қысқы спорт түріне ыңғайлы. Енді мұнда мейрамханамен қатар талғам мен талап үйлескен қонақ үй, сондай-ақ маңызды кездесулер өтетін жиналыс залдары ашылды. 

НҰРҒАЛИ ТЕМІРХАНОВ 
«ОЙ-ҚАРАҒАЙ» КУРОРТЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Өткен жылы 660 мың қонақтар болса осы жылы 20 пайызға артты. Жылдан жылға ұлғайып жатыр. Осы жерде дәл қазір 7 премиум класста номерлер ашылып жатыр президентский және отбасылық, стандартный номерлер бар. 35 квадраттан басталып, 70-ке дейін көтеріледі квадраты. Ішінде конференц холлдар бар. Біреуі 150 адамға дейін қабылдайды. Екіншісі 20-25 сондай.»

Табиғаты жайсаң, ауасы таза жерде орналасқан отбасылық демалыс орны деп Ой-Қарағайды ойланбастан айтуға болады. Бұған дейін шаңғы трассасының жалпы ұзындығы 27 шақырым болса, енді бұл көрсеткіш 37 шақырымға жетті. Биыл екі аспалы жол іске қосылды.

ЗАҒИПА БАЛИЕВА 
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ 
«Енді Қазақстандықтар тек қана Куршавель, басқа мемлекеттерге бармай, осы ой қарағайға келіп, мүмкіндік бүгін жасалып жатыр. Сондықтан өте керемет. Мына мейрамхана, ой қарағайды ашқан жігіттерге рахмет. Экономика дамып бара жатыр мемлекетімізде.»

Жоба аясында демалыс аумағын абаттандыру және инженерлік желі тарту жұмысы қатар жүргізілуде. Құрылыс кезең-кезеңімен жүзеге асып, туристік нысандармен бірге демалыс аймағының толыққанды жұмыс істеуіне қажетті инфрақұрылым да жасақталып жатыр. 

ЖӘНІБЕК ҚАРАТАЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Алматы облысында енді көптеген туристік аймақтар, дистанциялар бар. Дамуы қарқынды түрде жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес комплекстік жоспар белгіленген. Сол жоспарға сәйкес қазіргі уақытта мына облыс тарапынан инженерлік инфрақұрылымды Алматы тау класстеріндегі дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Комплекстік жоспардың тармақтарына сәйкес жеке инвестор тарапынан 83 миллиардқа жуық жеке инвестиция тарту көзделген. Бүгінде оның 52-ден астамы тартылды.» 

Өңірде жүзеге асып жатқан осындай ірі жобалар Алматы облысының туристік әлеуетін арттырып, өңірдің көрікті мекендерін көпшілікке кеңінен танытуға сеп. 

Сондай-ақ оқыңыз: