Ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Азаматтардың өз таңдауын жасауы үшін 10 338 сайлау учаскесі таңғы жетіден жұмыс істеп, бірер минут бұрын ғана жабылды. Әскери бөлімдерде сайлау тіпті таңғы 6-дан бастап басталған.

Сонымен, облыс, қала мен аудандағы мәслихаттардың мандатынан «Әділет», «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Ауыл», «Байтақ» пен «Республика» партиялары үмітті. Бір мандатты округ бойынша додаға түскен кандидаттар да баршылық. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бір орынға үш үміткер таласқан. Президенттен бастап бүгін барлығы өз таңдауын жасады. Мемлекет басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жалпы, ел бойынша 12 миллион 680 мыңдай адамның дауыс беру құқығы бар екенін еске салайық. Орталық сайлау комиссиясы енді дауыстарды санауға кіріседі. Ресми қорытынды келесі аптада шығуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз: