«Заң мен тәртіп» – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған әлеуметтік-ағартушылық тележоба. Бағдарламада құқықбұзушылықтың алдын алу, жастар арасындағы зиянды әдеттердің таралуы, есірткі мен вейп өнімдерінің қауіпі, құмар ойындардың зардабы сынды өзекті мәселелер кеңінен талқыланады.
Жоба құқық қорғау органдарының, полиция қызметкерлерінің және Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының қатысуымен жүзеге асырылады. Бағдарлама барысында қолданыстағы заңнамалар түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы қоғамға маңызды ақпарат ұсынылады.
Мақсаты – көрерменге заң талаптарын түсіндіру ғана емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігін арттыру және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.