Күннің соңын ерекше көңіл-күймен қорытындылайтын кешкі шоу. Бағдарламада танымал тұлғалармен еркін сұхбат, түрлі ойындар, экспромттар мен күлкіге толы сәттер тоғысады. Жүргізушілер — сахна мен экранда өзіндік орны бар, көрерменге етене таныс әрі әсерлі жүргізушілер Алмас Сағынұлы мен Еркебұлан Бердалиев.
Хабар барысында қонақтармен шынайы диалог орнап, қызықты оқиғалар мен өмірлік тәжірибелер ортаға салынады. Бұл – тек көңіл көтеру емес, ой саларлық сұхбаттар арқылы көрерменнің жан дүниесін байытатын жобалардың бірі.