«Сырласу» – өнер адамдарының шығармашылық жолы мен өмірлік тәжірибесін, арман-мақсаты мен жүрек түкпіріндегі сырларын ашатын тағылымды сұхбат алаңы. Бағдарламада қонақтар өнерге келу жолы, қалыптасу кезеңдері, өміріндегі маңызды оқиғалар, жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы әңгімелейді. Өнер мен өмір, отбасы мен тәрбие, адамгершілік пен рухани құндылықтар жайында еркін пікір алмасып, көрерменге ой салатын шынайы әңгімелер өрбиді. «Сырласу» – жүректен шыққан әңгіме, өмірден алынған өнеге.