Арна туралы

Qonaev Media – Алматы облысы мен еліміздегі маңызды оқиғаларды қамтитын аймақтық телеарна. Біз өңірдегі маңызды тақырыптарды жариялап, облыстың дамуына әсер ететін адамдар, жобалар мен бастамалар туралы мәлімет ұсынамыз.

Арнаның негізгі мақсаты – көрерменге түсінікті әрі уақтылы ақпарат ұсыну.Біз облыстың және елдің дамуына әсер ететін маңызды шешімдер, жаңа әлеуметтік нысандар, білім, медицина, экология, бизнестің дамуы және тұрғындарға тікелей қатысты мәселелерді жариялаймыз.

Біз тек жаңалықтармен шектелмейміз. Эфирде – сараптамалық бағдарламалар, сұхбаттар, деректі және танымдық жобалар, отбасылық, ойын-сауық және жастарға арналған контент көрсетіледі. Бағдарламалар түрлі жастағы аудиторияның қызығушылығын ескере отырып әзірленіп, эфирмен қатар цифрлық форматтарда да қолжетімді.
Телеарна қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады, ел аумағының 100% қамтиды. Біздің контент дәстүрлі эфир арқылы да, онлайн платформаларда да қолжетімді.
Біз билік өкілдерінің де, өңір тұрғындарының да көзқарасын назарға ұсынамыз. Өзекті мәселелерді қозғап, шешу жолдарын ұсынуға тырысамыз, қарапайым адамдардың өмірінен алынған нақты оқиғаларды жариялаймыз. Біздің арнамыз арқылы өңірде болып жатқан өзгерістерден хабардар болып,  Алматы облысының қалай дамып жатқанына куә боласыздар.
Біз жергілікті бастамаларға, кәсіпкерлер мен белсенділерге, мәдениет, білім және әлеуметтік саладағы жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз.
Арнаның әлеуметтік желілеріне жазылып, маңызды жаңалықтарды бірге бақылап отырыңыздар:

YouTube

Instagram

Telegram

Facebook 

Tik Tok