Шелекте полигон салынып, Балтабайда қалдықтарды өңдеу кәсіпорындары ашылады

Еңбекшіқазақ ауданында 12 гектар жерге жаңа полигон салынады. Шелек ауылында жүзеге асырылатын ауқымды бастаманың құжаттары дайын.

Бастысы енді қоқыс сол полигонда құр үйіліп қалмайды. Ауданда қалдықтарды жинап, сұрыптап, өңдейтін бірнеше жоба жүзеге асырылғалы жатыр. Дәлірек айтсақ сұрыптау кешені Есікте бой көтерді. Қазір онда жабдық толық орнатылып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек мал сүйегі мен органикалық заттардан тыңайтқыш жасайтын тағы екі кәсіпорын да жақын арада іске қосылмақ. Бұған дейін елді мекен аумағында 23 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі анықталған екен. Өткен айда оның 11-і жойылып, 12-сі тазаланған. Ал бұл бастамалар осындай экологиялық мәселелердің алдын алмақ.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Жыл соңына дейін Балтабай ауылында 3 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Біріншісі қалдықтардан органикалық тыңайтқыш өндіру жобасы. Екіншісі сүйектен тыңайтқыш жасайтын зауыт. Үшіншісі қалдықтарды қайта өңдеу кешені. Аталған жобаларға 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз: