Президент жанынан Стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы құрылды

Президент жанынан Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы құрылды. Тиісті өкімге бүгін мемлекет басшысы қол қойды. Бұл консультативтік-кеңесші орган. Елдің ұзақмерзімді дамуына қатысты мәселелерді, тұжырымдамалық тәсілдерді сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған. Айына кемі бір рет жиналып, сараптама жасап, әр бағыттағы зерттеулердің нәтижесін жік-жігімен талдайды. Ол отырысқа кеңес мүшелерімен қатар, мемлекеттік органдар, ғалымдар, сарапшылар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері де қатыса алады делінген өкімде. Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобына вице-президент Ерлан Қарин жетекшілік етеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: