Қарасайда халық саны 400 мыңға жуықтады: мектеп пен жол жетіспейді
Қарасай ауданында халық саны 400 мыңға жуықтады. Жыл сайын тұрғындар саны шамамен 15 мың адамға артып келеді. Бұл, әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін салмақты күшейтіп отыр. Оның ішінде білім беру саласына түсетін жүктеме айрықша. Үш ауысымды оқыту мәселесі шешілгенімен, жаңа мектептерге деген қажеттілік әлі де жоғары.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
- Біз соңғы үш жылда 8 "Келешек мектептері" бағдарламасы аясында мектеп салдық. Одан басқа жергілікті бюджеттен тағы 5 мектеп салынды. Жеке меншік бизнесмендер арқылы мектептер салынды. Сондықтан бұл әзірге шешілді. Бірақ халық саны өсіп жатқаннан кейін, жылда 5 мыңға оқушы саны көбейіп жатыр. Соның салдарынан кейбір мектептерде қайтадан үш ауысымды оқыту қаупі туындап отыр. Осыған байланысты жаңа мектептер салуға қажетті жер телімдерін дайындап, алдын ала жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Аудандағы өзекті мәселелердің бірі - халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Бүгінде бес ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Тағы үш елді мекенде тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Тұрғындар санының артуы жол инфрақұрылымына да түсетін жүктемені күшейткен. Аудандағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бір жарым мың шақырымнан асады. Алайда оның небәрі отыз төрт пайызы ғана қанағаттанарлық жағдайда.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
- Біз жылына бір 60-70 шақырым жол жөндейміз де ол бізге жеткіліксіз. Мұны біз еселеп, 2-3 есе көп жасамасақ бұл өзі созбалаң болып жатыр. Сондықтан келесі жылға сондай өзіміз жоспарларымыз бар.