Шарын әлемнің үздік 20 шатқалының қатарына енді

Шарын әлемнің үздік 20 шатқалының қатарына енді. Алматы облысындағы көрікті аймақ «The Worldworthy 100» халықаралық рейтингінде 100 шатқалдың арасынан 17-ші орынға жайғасқан. 10 баллдан 9,48 ұпай жинапты.

Шарын - миллиондаған жыл бойы қалыптасқан алып жартастарымен ерекшеленетін шатқал. Табиғаттың әсерінен сан түрлі пішінге енген қызыл тастар алыстан қарағанда көне қамалдарды еске салады. Сондықтан шатқалдың ең танымал бөлігі «Қамалдар аңғары» деп аталады. Табиғи көрікті мекенге деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Былтыр мұнда 250 мыңға жуық адам келген. Бұл соңғы жылдармен салыстырғанда екі есе көп. Туристер ағынының артуы өңір экономикасына да тың серпін беріп отыр.  

ГҮЛМИРА НЫСАНБАЕВА
ШАРЫН ТАБИҒИ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 
- Бұл Шарын шатқалының қайталанбас табиғи келбеті, геологиялық ерекшелігі, биоалуантүрлілігі мен туристік әлеуеті халықаралық деңгейде танылуының айқын көрінісі десек болады. Аталған жетістік ұлттық парктің табиғи мұрасын сақтау қорғау халықаралық деңгейде насихаттау бағытындағы жұмыстарына баға береді десек болады.

Сондай-ақ оқыңыз: