Қазақстандық жасөспірімдер Самарқандта қола жүлде иеленді

Жүлделі орынмен оралған жасөспірімдер! Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен турнирде қазақстандық жас баскетболшылар үшінші орынды иеленді. 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы халықаралық додада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстан командалары бақ сынасқан. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған отандастарымыз жүлделі үшінші орынмен оралды. Жартылай финалда Самарқан облысының командасымен кездескен спортшыларымыз қоланы місе тұтты. Ал турнир жеңімпазы - Ташкенттен келген команда. Елге олжалы оралған жас баскетболшыларды жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды. 

АМАНГЕЛДІ САДЫҚ 
БАСКЕТБОЛШЫ 
- Самарқанда 70 болды, бізде 55. Осы турнирге бір ай, екі апта дайындалдық. Біз жартылай финалдағы қарсыласқа өте жақсы ойын көрсеттік. Келесі турнирлерде чемпион болуға мақсат қоямыз. 

Сондай-ақ оқыңыз: