Алматы облысында үздік әлеуметтік жобалар марапатталды

Үкіметтік емес ұйымдардың үздігі! Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған шараға биыл 30-дан астам бірегей жоба ұсынылған екен. Сол байқауда оза шыққандары бүгін марапатқа ие болды. Мұндағы әрбір бастама аймақтағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Қызу бәсеке мен іріктеу нәтижесінде жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуды көздеген «Нарко Стоп» жобасы мен мектеп қабырғасындағы әлімжеттікпен күресуге арналған «Буллингке қарсы» жобасы топ жарды. Жеңімпаздардың негізгі мақсаты, қоғамдағы ең өткір мәселелердің алдын алып, қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыру. 

ӘДІЛЕТ АЙТҚАЗЫ
«ПАРЫЗ» ЕРІКТІ ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 
- Белең алып келе жатқан нашақорлық бар, осы зиянды әрекеттер бар, соның алдын алу бойынша біз осы жобаны ұсындық. Енді ол жобада біз енді өзіңіз білетіндей, қала төңіректерінде ескерткі жарнамаларын сататын немесе жарнамалайтын жарнамалар болады. Сол жарнамаларды өшіру бойынша біздің өзіміздің еріктілермен бірге сол жобаны үйлестіретін боламыз.

Жалпы, бүгінде өңірімізде жүздеген үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс істеп жатыр. Олар қайырымдылық, инклюзия, құқықтық көмек пен ағартушылық бағыттарда мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналып, аймақтың әлеуметтік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.

ТӨЛЕГЕН КЕНЖЕБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Қоғамдық пікірді, қоғамда осындай диалог алаңдарын енгізу, орнықтыру жұмыстарында біз азаматтық қоғам ұйымдарын тартқанымыз өте қуанышты. Олардың белсенділігін көріп қуанып отырмыз. Біз мұны әрі қарай да жалғастырамыз.

Сондай-ақ оқыңыз: