Алатауға ірі инвесторлар қызығушылық танытуда

Алатау қаласы ірі инвесторлар назарында! Үлкен хабқа айналып келе жатқан шаһарда қазір 60-тан астам маңызды жоба әзірленуде. Солардың ішінде PepsiCo-ның снек шығаратын зауыты, Mars компаниясының үй жануарларына арналған жем өндіретін кәсіпорны, сондай-ақ заманауи логистикалық және сауда кешендері бар. Осы бастамалардың арқасында қалада 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қаланың басты сәулетіне айналатын бірегей нысан - Iconic Complex көпфункционалды кешені. Жоба аясында биіктігі 272 метр болатын 56 қабатты мұнара, жайлы қонақүй, сауда және мәдени-сауық орталықтары бой көтермек. Кешен құрылысын 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Инвестициялық тартымдылық нақты сандармен де дәлелденіп отыр. Биылғы 9 айда Алатау экономикасына 70 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 жарым есеге артық.

ӘРКЕН ӨТЕНОВ
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
- 2024 жылы 2,5 млрд бізде қаланың табысы болса, кейіннен 8 млрд-қа жетті 2025-те. 2026-да біздің шығындарымыз 17 млрд-қа дейін өсті. Сонымен бірге әрине енді қала болғандықтан, тұрғындар болғандықтан инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға жағдай жасау керек. Осы бағытта бізде қазіргі таңда 12 жоба, оның ішінде алтауы сумен жабдықтау саласында, сонымен бірге электрмен жабдықтау, кәріз жүйесімен, сонымен бірге газдандыру мәселесі.

Сондай-ақ оқыңыз: