Іле ауданына 231 млрд теңге инвестиция тартылды

Іле ауданының экономикалық әлеуеті де артып келеді. Биыл өңірге 231 миллиард теңге инвестиция тартылып, өндіріс пен логистика саласында 3 жаңа кәсіпорын іске қосылған. Соның бірі - Боралдайдағы алкогольсіз сусындар зауыты. Өндіріс ошағы жылына 1 миллиард литрге дейін өнім шығарып, ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, экспорт көлемін арттыруға қауқарлы. Сонымен бірге аймақта жылына 400 тонна балық өсіретін шаруашылық пен 100 мың контейнер сақтауға шақталған заманауи көлік-логистикалық орталығы ашылыпты. Экономикалық серпіліспен қатар инфрақұрылым да жаңаруда. Жыл басынан бері 107 көше жөндеуден өтіп, жаңа перзентхана мен бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарланған. Ал бұл бастамалардың барлығы, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуға жол ашады.

ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
- Іле ауданы өнеркәсіп аудан болғаннан кейін бізге инвестиция тарту, жұмыста, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту біздің бірінші міндетіміз. Сол себепті Іле ауданында қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүруде, инвестиция тарапынан қарқынды жұмыстар атқарылуда и жұмыссыздық, тарапынан жұмыстар толығымен орындалып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: