1,5 млн теңге аударсаңыз, салық тексере ме?

Банк картасына түскен кейбір тұрақты аударымдар салық органдарының тексеруіне себеп болуы мүмкін. 8-ші қарашадан бастап мобильді аударымдарға қатысты бақылау шегі өзгереді. Бұған дейін үш айда шотқа түскен қаражат 1 миллион 20 мың теңгеден асса, белгілі бір талаптар бойынша тексеру жүргізілетін. Енді бақылау шегі 1 миллион 557 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Яғни, бұл 360 айлық есептік көрсеткішке тең. Бірақ межеден асу автоматты түрде салық төлейсіз деген сөз емес. Мамандар ақшаның қайдан және қанша адамнан түскеніне назар аударады. Әсіресе үш ай қатарынан әр айда 100-ден астам адамнан тұрақты аударым болса, салықшылар назарына ілігесіз. Мұндағы мақсат - жеке тұлғаның кәсіпкерлік табысын жасырып қалмауын бақылау екен. Ал келер жылы аударым шегі тағы өсіп, 1 миллион 689 мың теңгеге жетуі ықтимал. Жаңа талап қарашаның сегізінде күшіне енгенімен, қазан айында жасалған аударымдар да есепке алынатынын айта кетейік.

Сондай-ақ оқыңыз: