Тарихтың беймәлім беттері ашылуда
Артық білім кітапта! Мемлекет басшысының «Зерделі ұлт» жобасы аясында Сүйінбай Аронұлы музейінде танымдық шара өтті.
Жамбыл ауданындағы 25 кітапхана өз ауылдарының тарихын, ұлт дамуына елеулі үлес қосқан ұлы тұлғаларын таныстырды. Көрмеге сирек кездесетін кітаптар да қойылды. Қатысушылар туған өлкенің шежіресіне қатысты тың деректермен бөлісіп, тарихи мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тарихты жүйелеп, деректерді ортақ қорға жинақтауға мүмкіндік береді.
ҒАЛИЯ ТОҚАБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Алматы облысына қарасты 11 аудан, 145 кітапхана бар. Біз әр ауданға тапсырма бердік. Себебі әр азамат өзінің туған ауылының тарихын кітап арқылы білуі керек. Бүгін жетінші ауданға, яғни Жамбыл ауданына келіп отырмыз. Шараның тақырыбы – «Тарихы терең ауыл».