Қарасайда 8 медициналық нысан салынады
Қарасай ауданында 8 медициналық мекеме салынады. Әзірге олардың жобалық-сметалық құжаттары ғана дайын. Соның бірі Қаскелең қаласында пайдалануға берілетін 500 адамға арналған емхана. Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы дәл осы жобаларға тың мүмкіндік бермек.
ШҰҒЫЛА БАЙМҰХАН
ТІЛШІ
«Ел экономикасы күшейіп, инфрақұрлымы жаңарып, халықтың тұрмыс тіршілігі жақсармақ. Әлеуметтің әлеуетін арттыру мақсатында жаңа мектептер мен ауруханалар салып, жолдар мен инженерлік желілерді жаңарту қажет Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осындай міндет қойды.»
Тапсырма берілді, бастама қолға алынды. Алматы облысында да «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында жөнделетін немесе қайта салынатын әлеуметтік нысандар аз емес. Мәселен, 1974 жылы салынған Бекболат және Ұлан ауылдарындағы амбулаториялардың тозығы жеткен. Ал Шалқар мен Қайнар ауылдарындағы нысандар да талапқа сай емес. Әзірге жаңа ғимараттардың жобалық-сметалық құжаттары ғана дайын. Қаржы бөлінсе, құрылыс басталады. Бұдан бөлек, тағы төрт ауқымды жоба бюджеттің бекітілуін күтіп отыр.
БАҚЫТЖАН МАШРАП
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Қаскелең қаласындағы 500 келушіге арналған аурухананың құрлысы, сонымен қатар 200 төсекке арналған перинаталдық орталық, Көліащы ауылында 300 келушіге арналған поликлиника, сонымен қатар Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар емханасын реконструкциялау мен 4 ауылда 50 келушіге арналған амбулаториялардың жобасы дайын. Қарасай ауданының халық саны жылдан жылға өсуде, ауылдағы амбулаториялардың тозығы жетуіне байланысты, кей ауылдарда амбулатория жоқ осыған байланысты осы жобалар әзірленді.»
Бұдан бөлек Қарасай ауданының аудандық ауруханасы қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ол жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Негізінен ауданда 370 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың басым бөлігі медициналық көмек алып отыр. Бірақ заманауи нысандар салынса кезек күту, уақытылы ем ала алмау сынды мәселелер азаяр еді дейді мамандар.
МАРАТ АҚЫЛБЕКОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Аудандық ауруханада бүгін күні бізде жұмыс істеп тұрған осы Қаскелең қаласындағы аурухана емханасымен бірге, 19 амбулатория бар, 5 ФАП, 1 медпункт бар. Медициналық көмек бойынша қызмет көрсететін халық саны 289 мыңнан асады»
Соңғы жылдары ауданда 3 ауысымды мектептердің мәселесі шешілген. 3 жылда облыста 900-ден бастап 1500 орынға дейінгі 8 жайлы мектеп салынып, ел игілігіне берілді. Бірақ мұның өзі аздық етіп жатыр екен.
БАҚЫТЖАН МАШРАП
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«3 ауысымдық оқыту жойылды бірақ алдағы уақытта Көксай ауылында, Жібек жолы мен Кемертоған ауылдарында қауіп бар. Сол мақсатта қазіргі таңда жер мәселен шешу жұмыстары жүргізілуде. Жер сатып алып, дайындалысымен жобалық сметалық құжатын дайындауға бюджеттік өтінім жолданатын болады.»
Сонымен қатар, Қаскелең қаласындағы Пушкин, Әлімқұлов, Байжанов орта мектептерін күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Әзірге жөндеу жұмыстарының жобасы дайындалуда.