Балқаштан – Дубай сахнасына!

Балқаш ауданының жас бишілері Дубай қаласында өтетін өнер фестиваліне жолдама алды. «Жүрегіңнің үнін тыңда» байқауында би өнерінен оза шыққан олар енді осындай мүмкіндікке ие болып отыр. Жас өнерпаздар ауылдастарына арнап есептік концерт өткізіп, үздік билерін ұсынды. Көрермен қазақтың ұлттық биінен бөлек, испан, үнді, хорезмдік және мысырлық шығарманы тамашалады. Заманауи этникалық қойылымдар да кештің сәнін келтірді. Бишілер бұған дейін «Ташкент таланттар фестивалінде» лауреат атанған болатын. Енді өнерлерін Дубай сахнасында көрсетуге дайындалып жатыр.

ГҮЛМИРА РАХЫМОВА 
«ЕРКЕ» БИ АНСАМБЛІНІҢ  ЖЕТЕКШІСІ 
- Бізде төрт топ бар: кіші, орта және үлкен топтар, сондай-ақ шоу-бизнес пен тойларда өнер көрсететін ересек қыздардан құралған «Ерке шоу» би ансамблі.Орта есеппен жүз шақты баласы бар. Бұл концерттің басты мақсаты - қазақы нақыштағы өнерді сыртта көрсетіп, мына ауданымыздан жас ұрпақты шығару, тәрбиелеу. 

Сондай-ақ оқыңыз: