«Еркін әңгіме» – қоғамның өзекті мәселелерін түрлі сала мамандарының көзқарасы арқылы талқылайтын танымдық-сараптамалық бағдарлама. Әр шығарылымда ғылым, мәдениет, білім, медиа, экономика, құқық және қоғамдық өмірдің басқа да маңызды бағыттарындағы қонақтар өз тәжірибесімен бөлісіп, өзекті тақырыптарға пікір білдіреді. Бағдарлама көрерменге түрлі көзқарасты салыстырып, бүгінгі қоғамдағы өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.