«Made in Алматы облысы» — өңірдің өндірістік әлеуетін, кәсіпкерлік мәдениетін және жергілікті брендтердің қалыптасуын жан-жақты көрсететін танымдық-деректі телевизиялық жоба. Бағдарламада Алматы облысының түрлі аудандарында орналасқан зауыттар, өндіріс орындары, шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ өз ісін табысты дамытып жүрген кәсіпкерлердің нақты оқиғалары ұсынылады.
Жоба көрерменді өндіріс процесінің ішкі әлемімен таныстырады: идеяның туындауынан бастап дайын өнімге дейінгі жол, заманауи технологиялар, инновациялық шешімдер, еңбек адамының күнделікті еңбегі — барлығы шынайы форматта көрсетіледі. Әр шығарылымда белгілі бір кәсіпорын немесе сала тереңірек ашылып, оның өңір экономикасына қосып отырған үлесі мен даму перспективасы сараланады.