Өнеге — өңірдің бүгіні мен болашағын қалыптастыруға үлес қосып жүрген тұлғаларға арналған танымдық-сұхбаттық бағдарлама.
Жобаның басты кейіпкерлері — кәсіпкерлер, меценаттар, қоғам қайраткерлері, жаңашыл ойлы азаматтар мен пікір көшбасшылары. Олар экономика, мәдениет, білім беру және әлеуметтік салалардың дамуына нақты еңбегімен ықпал еткен жандар.
Бағдарлама кейіпкерлердің өмірлік жолы, кәсіби тәжірибесі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас ұрпаққа ой салып, қоғам үшін маңызды құндылықтарды дәріптейді. «Өнеге» — еңбегімен елге үлгі болған тұлғалардың болмысын ашатын мазмұнды жоба.