Қаскелеңде өзен жағалауы жаңа кейіпке енді
Қаскелең қаласындағы өзен жағалауы жаңарып, тұрғындардың тынығуына қолайлы жағдай жасалды. Жаяу жүргіншілер жолына дейін төселген. Демалыс аймақтары, балалар мен спорт алаңдары да салыныпты. Ал ағаш отырғызу жұмысына бүгін Алматы облысы әкімінің өзі қатысты. Жалпы аумаққа екі мыңнан астам жасыл желек егілген. Олардың арасында жеміс ағаштары, жөке, мамыргүл мен қырым қарағайы бар. Бұдан бөлек, жағалау бойына 77 орындық қойылып, жарықтандыру және суару жүйелері орнатылған. Келушілер үшін амфитеатр да қарастырылыпты. Жағалауды көркейту жұмыстары мұнымен аяқталмайды. Алдағы уақытта қолданыстағы саябақтан бұлақтың бастауына дейінгі тағы екі шақырым аумақты абаттандыру көзделген.
НҰРБЕК ОРМАНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
- Бұл 20-30 жылдан кейін үлкен ағаштар болады. Бұл бізге керек Қазақстанға. Ең бастысы ойдың, сананың тазалығы бұл жерде және де сосын тазалық мәдениетке қалыптастыру.