Қазақстандағы алғашқы ЭКО сәбиі 30 жылдан кейін елге келді
ЭКО әдісімен дүниеге келген алғашқы қазақстандық - Англиядан арнайы келді. Оксфорд университетін тәмамдаған Юлиана 12 жылдан бері Лондонда тұрады. Жасы қазір 30-да. Сәби сүйеуге зар болған ата-анасы медицинаға жүгініп, елімізде алғаш рет 1996 жылы Юлиана жасанды ұрықтандыру әдісімен өмірге келген болатын. Оның Қазақстанға сапары да осы айтулы датамен орайласып отыр. Репродуктивті медицина сол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан қарқынды дамып, бүгінде жаңа деңгейге көтерілген. Қазір елімізде ЭКО әдісімен туған 50 мыңнан астам бала бар. Оның 15 мыңы соңғы бес жылда өмірге келіпті. Бедеулік дерті қазір тіпті өзекті дейді мамандар. Бұған себеп көп. Экология, сапасыз азық-түлік, соның кесірінен туындайтын ауру-сырқау. Отбасын құруға асықпай, жастары асып кететіндер де осы санатта. Осы себептерге байланысты репродуктивті медицинаға жүгінетін жұптардың саны да артып келеді.
САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА
«ЭКОМЕД» КЛИНИКАЛАР ЖЕЛІСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
«Жаңа технология ол кезде шетелде Англияда, Мәскеуде, Санкт-Петербургте болатын. Енді ғана ашылып жатқан. Олардың өзі енді қолға алып жатқан. Сол кезде қиын заманда осы жұмысты бастаған едік. Міне елімізбен бірге өсіп жатырмыз. Аңсаған сәби бағдарламасы мысалы қазір қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Нәтиже өте жоғары. Жылына жеті мың квота берілсе үш мың сәби дүниеге келіп жатыр.»