Smart City және 4G: цифрландыру Алматы облысын қалай өзгертуде?

Қонаевта цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні өтті. Облыс әкімі Шыңғыс Әрінов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, аймақтың дамуына үлес қосқан 12 азаматты марапаттады. Цифрлық технологиялар – өңір дамуының маңызды тетігі. Бүгінде Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстар жанданып келеді. Мәселен, туризм саласында байланыс сапасын арттыру, интернетке қолжетімділікті кеңейту жұмыстары қолға алынған. Smart City жобасы аясында «Smart Konaev» қосымшасы жетілдіріліп, туристік нысандар туралы ақпарат пен цифрлық ассистенттер енгізілуде. Көлсай мен Шарын аумақтарында мобильді байланыс қамтамасыз етілсе, «Көшпенділер қалашығында» 4G желісі жұмыс істейді. Одан бөлек, жол қауіпсіздігіне де баса назар аударылған. 

АРМАН ӘЛМЕРЕКОВ
SUNQAR TECH ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
«Біздің компания жол қауіпсіздігінде жұмыс істейді. Жалпы Алматы облысы бойынша 35 ақпарат жиі істеп жатыр. Жалпы осы жылда биыл 10 айда бізде жақсы жетістіктер бар. 28%-ға адам қаза тапқан саны азайды. Енді әрине өте қуаныштымыз. Облыс әкімі бізге уақыт бөліп, осындай керемет марапат беріп жатыр. Әрине осы мейрамда көңілімізді көтерді.»

Сондай-ақ оқыңыз: