«Кітапханадағы түн»: кітап мерекесі Алматы жастарын жинады

Кітап оқитын ұлттың қашан да көші ілгері! Кейінгі кезде кітап оқуға деген қызығушылық біршама артыпты. Мұны Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында өткен «Түнгі кітапхана» шарасынан да аңғаруға болады. Кешке жиналған оқырманның басым бөлігі - өскелең ұрпақ. Ерекше форматтағы шара Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Кеш аясында баспалар өз өнімдерін оқырманға 10 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қорында 100 мыңнан астам кітап бар екен. Ал Алматы бойынша кітап қоры миллионнан асады. Кейінгі жылдары оқырмандар арасында қазақ әдебиетіне деген қызығушылық айтарлықтай артып, жас буын ұлттық әдебиетке көбірек бет бұра бастады деп қуанып отыр кітапханашылар.

ЛӘЗЗАТ СЫПАТАЕВА 
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Бүгінгі күнде 32 кітапхана жұмыс жасайды. Сол кітапханалар ішінде ірі кітапхананың бірі – Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы. Бүгін біздің кітапханада үлкен шара, мереке деп айтсақ болады. Келер жылы біз енді қазақ тіліндегі әдебиетті толықтыру мақсатында мемлекет тарапынан үлкен сұранысқа ие болған кітаптардың тізімін жасап, жылдың аяғында кітап қорын толықтыруда үлкен жұмыстар жүргізудеміз.

Сондай-ақ оқыңыз: