Қасым-Жомарт Тоқаев: Олимпиада-2028-ге дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді

Президент Лос-Анджелестегі Олимпиада алдында спортшылар мен жауапты министрлікке міндет жүктеді. Бүгінде спорт - мемлекеттің абыройын арттыратын үлкен күш, қоғамдық дипломатия құралы. Қазақстан осы әлеуітін толық пайдалануы керек деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Азия ойындары мен параойындарының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан мемлекет басшысы спортшылардың жетістігіне тоқталып, спорттағы жаңалықтарға назар аударды. Келер жылы елде бірқатар байрақты додалар ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. УЕФА-ның 51-ші конгресі де алдағы көктемде Астанада өтпек. Спорт - мемлекеттердің жаһандық беделі мен абыройының маңызды бөлшегіне айналған дәуірде оның бар әлеуетін толық пайдалану қажет деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Бүгінде қазақ спортының мәртебесі биік, әлеуеті мол. Сондықтан бұдан да жоғары көрсеткіштерге ұмтылуымыз керек. Алда төрт жылдық кезеңнің басты додасы – Лос-Анджелес Олимпиадасы келе жатыр. Жаһандық жарысқа спортшылармен қатар, тиісті министрлік пен федерациялар қазірден бастап тыңғылықты және белсенді дайындалуы керек»

Сондай-ақ оқыңыз: