Жеңіс үшін бес автокөлік!

Еңбекшіқазақ ауданында көкпардан турнир өтті. Жарысқа 600 шабандоз қатысып, 2,5 мыңға жуық адам жиналған. Елді ынтымақ пен бірлікке шақырып, салауатты өмір салтын насихаттаған спорт додасына қатысушылар облыстың аудан-қалаларынан бөлек еліміздің өзге де өңірлерінен келіпті. Тартысты бәсекенің жүлде қоры - 2 млн теңге мен бес автокөлік. Қазір түрлі деңгейдегі, соның ішінде халықаралық жарыстарда көкпарға қатаң талаптар қойылып жүр. Ойын форматы да өзгеріп келеді. Бұрынғы қазандықтың орнына жерге арнайы шеңбер белгіленген. Ал алдағы уақытта көкпарда тартатын серкенің орнын жасанды қаппен алмастыру мәселесі де қарастырылуда.

ТІЛЕУБЕК ҚАЖЫБАЙ 
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
- Мұның барлығы ұлттық спортты дамыту мақсатында жүріп жатыр.Түрген ауылында 34 ұлт өкілі тұрады. Сол кісілердің берекесі қайнап, осы іс-шарада барлық ұлт өкілдері бар. Осында екі қазандық бар.

Сондай-ақ оқыңыз: