Суретті тыңдау: Алматыда ерекше көрме ұсынылды

Алматыда музыка мен бейнелеу өнері тоғысқан «Дыбыстар - суретшілер көзімен» атты көрме өтіп жатыр. Ел назарына әуеннен шабыт алған кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылған. Арнайы сән көрсетілімі де өтті. Көрменің ерекшелігі – әр шығарма белгілі бір музыкалық туындымен үндеседі. Көрермен арнайы QR-кодты сканерлеу арқылы суретшіні шабыттандырған әуенді тыңдап, картинада бейнеленген тұлғалар туралы тың деректерге қаныға алады. Өнер мен әуенді бір арнаға тоғыстырған жобаға танымал суретшілер, колледж ұстаздары мен жас таланттар атсалысқан. Көрме Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұйымдастыруымен өтті.

БІРЖАН ХАСАНҒАЛИЕВ 
ИДЕЯ АВТОРЫ 
- Біреулер, мысалы, шынайы көрсете алады суреттерін. Реализм дейді. Біреулер абстракция дейді, сондай көзқараспен қарайды. Оны енді маман болмасаң түсіну қиын. Бірақ нағыз мамандар оны түсінеді. Жалпы өнерді алсақ, оның ішінде музыка бар, суретшілер бар. Соның бәрін өзінің бойына сіңіре білу керек. Сонда біз сондай мықты, тәрбиелі жастарды өсіреміз.

Сондай-ақ оқыңыз: