Полиция интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертті

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы қандай? Алматы облысының тәртіп сақшылары осыны түсіндіру мақсатында Алматы технологиялық университетінде кездесу өткізді. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жалған инвестициялық платформалар арқылы оңай әрі мол табыс табуға уәде беретін алаяқтық схемаларға тоқталды. Мұндай ұсыныстар сырт көзге тиімді көрінгенімен, астарында азаматтардың қаражатын иемденуді көздейтін қитұрқы әрекеттер жатыр. Сондықтан күмәнді инвестициялық жобаларға шақырғандардан бірден бас тартқан абзал. «Бір портфельді бизнес» деген желеумен ақша жинайтындар да осы санатқа жатады.

ӘЛІБЕК КЕРІМ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
- Студенттерге және олардың ұстаздарына интернет-алаяқтық бойынша жалпы қауіпсіздік шараларын айтып, түсіндірген болатынбыз. Жалпы, іс-шара барысында келесідей сақтық шараларын сақтауды өтіндік. Біріншіден, SMS-кодты ешкімге айтпауды, екіншіден, егер өзіңіз SMS-кодты айтып қойсаңыз, онда полиция департаментіне немесе полиция бөліміне барып, болған жағдайды түсіндіруді өтіндік.

Сондай-ақ оқыңыз: