Каскелеңде жалаңаш ер адам мектептің терезесін сындырып, ішке кірген

Каскелеңде жалаңаш ер адам мектептің терезесін сындырып, сыныпқа баса кірген. Видеосы әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Онда еңгезердей ер адамның шешініп тастап, алдымен аулада жүгіріп жүргені анық көрінеді. Кейін оқушылар отырған сыныптың терезесін сындырып, ішке кірген. Білім ордасында жалаңаш азамат қайдан жүр? Балалардың жағдайы қалай? 

ШҰҒЫЛА БАЙМҰХАН-ТІЛШІ
- Әлеуметтік желіде жұрттың жағасын ұстатқан оқиға дәл осы Әлімқұлов орта мектебінде болған. Кеше шамамен 15:35 кезінде яғни, екінші ауысымның 3 сабағына кірер уақытында дәл осы терезеге жалаңаш еркек баса-көктеп келген. Оқушылардың қашқанын көрген азамат артынша әйнекті сындырып, сыныпқа кірген.

Ер адамды мектеп мұғалімдері жабылып жүріп ұстап, дабыл түймесін басқан. Жалаңаш ер адамды көргенде мектептегі ересектердің өзі абдырап қалыпты.

НҰРБОЛАТ СЕРІКҰЛЫ
Н.ӘЛІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
- Балалар сабаққа кіріңіздер, қоңырау соғылды ғой деп балаларға ескерту жасап кетіп бара жатқанда, алдымдағы кабинеттен маған қарай балалардың барлығы жүгірді. Не болды деп едім, бәрі артына қарады. Барып қарасам, кабинетте ешкім жоқ, балалардың барлығы шығарылған, сыртта бір жартылай жалаңаш ер адам тұрды. Ол мені көрді де, ішке кірді. Сол кезде көрдім, ол кісі толығымен жалаңаш екен. Сосын маған жүгірген соң, есікті бірден жауып алдым. Осында жұмыс істеп жүрген екі ер азамат келді. Сол кісілермен ол кісіні тыныштандырып отырғыздық.

Кейін тәртіп сақшылары да жеткен. Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторында.

ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқушылар мен педагогтер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысында күдіктінің психикалық денсаулық жағдайына тиісті тексеру жүргізіледі. Болған оқиғадан кейін ата-аналар оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдаулы. Тіпті кейбірі бүгін баласын мектепке жібермеген.

Жауаптылар оқушылар мен мұғалімдерге психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Әйтседе, болған оқиғадан кейін ата-аналар оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдаулы. Тіпті кейбірі бүгін балаларын мектепке жібермеген.

НАЗЫМ БАЛҒАБАЕВА
АТА-АНА
- Мен баламды мектепке бергенде бірінші орында оның қауіпсіздігін білуім керек. Мысалы, бұл мектептің ремонты жоқ. Бұрынғы стекло. Ол балаларға кірсе не болды.

Негізі білім ордасында 84 бақылау камерасы орнатылған. Алайда сол күні электр жарығының өшуіне байланысты олардың ешқайсысы жұмыс істемепті. Әзірге балаларды қорқытқан азаматтың қайдан келгені және кім екені белгісіз. Полиция оған қатысты ақпаратты ашып айтқан жоқ. 

Сондай-ақ оқыңыз: