Аудиторлар 53 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықтады
Басынан дұрыс жоспарланбаған! Алматы облысында бюджет қаражатының жұмсалуын тексеру барысында 53 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Кешенді аудит барысында бюджет қаржысын жоспарлау мен жұмсау кезінде бірқатар қателіктерге жол берілгені анықталған. Жыл басынан бері арнайы комиссия 250 нысанды тексеріпті. Аудитке алынған қаражаттың жалпы көлемі 393 миллиард теңгеге жуық. Қателіктердің біразы қаржылық операцияларға қатысты. Тағы 20 миллиардтан астам теңге дұрыс жоспарланбаған шығындарға жұмсалыпты. Сөйтіп, біраз есеп-қисап қайта түзетіліп, қаражаттың басым бөлігі қайтарылған. Ал 5 миллиард теңгенің міндеттемесін орындау әлі мүмкін болмай тұр.
ҚУАНЫШ ЕСЕНАМАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОММИСИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
- Бүгінгі күні 5 миллиард қана қалпына келтірілмей, өтелмей тұрған ақша. Әлі уақыты келмеген 9 айдың қорытындысы бойынша бюджетке түспеген. Бірақ ол сомалар бойынша нұсқамалар жолданды. Тапсырмалар берілді уақыты бар әлі. Орындалмаған жағдайда сотқа беріледі және әкімшілік жауапкершілікке лауазымды тұлғалар тартылады. Біз осы 9 айда 120 айыппұл салдық.