Алматы облысында төрт есірткі зертханасы жойылып, 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Синтетикалық есірткі өндіретін төрт жасырын зертхананың қызметіне тосқауыл қойылған. Бұл тек Алматы облысында бес айда әшкере болған қылмыс. «Қарасора-2026» операциясының нәтижесінде заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам есірткі тәркіленіпті.
Жасырын есірткі зертханалары көбіне саяжайлар мен шаруашылық нысандарында орналасады дейді тәртіп сақшылары. Сондықтан мұндай орындарға бақылау күшейтіліп, күмән тудырған аумақтарда тексеру кешенді түрде жүріп тұрады. Сондай-ақ, құзырлы органдар есірткінің қаржылық және интернеттегі ізін де бұғаттауға күш салған. Есірткі саудасы қазір көшеден гөрі интернет кеңістігіне қызу жүретіні жасырын емес. Қылмыстық топтар цифрлық платформаларды заңсыз бизнестің құралына айналдырып, есірткіні жарнамалау мен таратудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Полиция бұл бағыттағы бақылауды да күшейткен. Нәтижесінде, есірткі жарнамалаған 695 интернет-ресурс анықталып, бұғатталыпты. Бұдан бөлек, ірі есірткі қылмысына қатысы бар 32 адам ұсталған.
БАҒДАТ ӘШІМОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
«Закладчиктер дейміз, сол бағытта қылмыс көбейіп кетті. Жалпы 12 тоннадан астам есірткі зат тәркіленді, оның ішінде есірткінің әр түрі бар. Жаңағы 20 мыңнан астам қаражат фронт есептер бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмыс күнділікте жеке құрам жаңағы есірткіге қарсы күрес басқармасы ғана емес, жалпы барлық жеке құрам күнделікті айналасады бұл қылмыстың алдын алуына.»