Қазақ күресінен өткен турнирде 12 өңірден 180-нен астам балуан бақ сынады

Балқаш ауданында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Биыл 14-ші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі додаға еліміздің әр өңірінен 180-нен астам жас балуан келген. 10 салмақ дәрежесі бойынша 12 команданың басын қосқан байрақты бәсеке ұлттық спортты насихаттап, жас буынның қазақ күресіне қызығушылығын арттыруды басты мақсат тұтты. Бүгінде Балқаш өңірінде төл спортты қолдауға барынша көңіл бөлініп келеді. Нәтижесінде қазақ күресімен айналысатын жастар саны еселеп артты дейді ұйымдастырушылар. Айта кетсек, бұл жолғы жарыс Ұлы Отан соғысы ардагері, ұстаз әрі қоғам қайраткері Алтынбай Бейісбековті еске алуға арналды. Турнир қорытындысы бойынша Алматы облысының жас балуандары көш басынан көрініп, жалпы саны 17 медаль иеленді.

Сондай-ақ оқыңыз: