54 команда, 1200 ойыншы: футбол маусымы қорытындыланды
Үздік ала доп шеберлері белгілі болды. Биыл Алматы облысының чемпионатында сегіз ауданынан 54 команда жиналып, 1200-ге жуық жас футболшы бақ сынаған еді. Жарыс өз мәресіне жетіп, Есік қаласында футбол мектептері мен академиялардың тәрбиеленушілері, жаттықтырушылары және әуесқой лига командалары марапатталды. Тартысты бәсеке жыл сайын қыза түсуде. Футбол мектептерінің де саны артып жатыр. Өңір тарапынан да қолдау жоқ емес. Жасыл алаң шеберлеріне қолдау көрсетіліп, жағдай жасалуда. Мәселен қазір Қазақстан футбол федерациясы мен облыс әкімдігі Есік қаласындағы футбол алаңын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бастама балалар футболын, бұқаралық және әуесқой спортты дамытуға оң серпін берері сөзсіз дейді мамандар.
АЙДОС КАШКЕЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
«Жаңа футбол алаңы өңірлік футболдың дамуына оң серпін берері сөзсіз. Біз бұл бастамаларды облыстық және жалпы Қазақстан футболының дамуына қосылған маңызды үлес деп санаймыз. Алдағы уақытта да бұқаралық және балалар футболын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылады деп сенеміз.»
КОНСТАНТИН ЗАДОРОЖНЫЙ
«МУРАТИДИ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Біз балаларды барынша түрлі турнирлерге қатыстырып, олардың тәжірибесі мен шеберлігін арттыруға тырысамыз. Биыл біздің футбол клубы үшін табысты жыл болды: 2011 жылы туғандар арасында екінші, 2010 жылы туғандар арасында үшінші орын алдық. Сондай-ақ тәрбиеленушілеріміз әуесқой лигада жеке марапаттарға ие болды. Алдағы уақытта да футболды дамыту жолында жұмысымызды жалғастырамыз.»