Құрманғазы оркестрі мен Жания Әубәкірова бір сахнада

Ұлттық өнер мен әлемдік классиканың әуені бір арнада тоғысты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі мен Қазақстанның халық әртісі, әйгілі пианист Жания Әубәкірова бір сахнада өнер көрсетті.

Қазақтың дәстүрлі аспаптарынан төгілген күмбірлі күй фортепианоның сырлы үнімен үндесті. Кеш барысында қазақ композиторларының таңдаулы туындылары мен әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды. Халық аспаптарының қайталанбас үні мен фортепианоның әуезі тыңдарманға ерекше әсер бергені сөзсіз. Өнерсүйер қауым рухани кештен ерекше әсер алып тарқасты. 

ЖАНИЯ ӘУБӘКІРОВА 
ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
- Құрманғазы оркестрімен бірінші рет қарым-қатынас жасаймын. Өйткені мен фортепиано маманымын. Мен негізі симфониялық оркестрмен ойнаймын. Ойнайтын шығармалар грек шығармалары. Түгел емес, бірінші бөлімі. Өйткені партитура оларға бірінші бөлім бар. Сондықтан біз талқыладық, ойладық. Олар тағы да тек қазақша симфония, күйлерін ойнамастан олар гректің тағы да бірнеше шығармаларын ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз: