Алматы облысының 83 мыңнан астам тұрғыны тұмауға қарсы вакцина алды

Сақтансаң ғана сақтайды! Тұмау өршитін мезгіл алдында Алматы облысының дәрігерлері тұрғындарды аса сақ болуға шақырды. Бірінші кезекте, тұмауды жай суық тиюмен шатастыруға болмайды. Себебі асқынған жағдайда инфекция өкпеге, жүрекке және тыныс алу жүйесіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе жүкті әйелдер, балалар, қарттар мен созылмалы ауруы бар азаматтар абай болғаны жөн. Қазір өңірде аурудың алдын алу шаралары күшейтілген. Осы мақсатта, 160 мың доза вакцина сатып алынған. Қазір облыста 305 егу кабинеті жұмыс істеуге дайын. Ал ауру жұқтырған тұрғындарды емдеу үшін 301 инфекциялық төсек-орын қарастырылыпты. Әзірге 83 мыңнан астам тұрғын вакцина алып үлгерген.

ГҮЛНАР ЖҮНІСОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес, халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін тұрғындардың кем дегенде 10 пайызына екпе жасалуы қажет. Сонда халықта гриппке қарсы иммунитет қалыптасып, олар бір-бірін жұқтырмайтын болады. Вакцина барлық медициналық ұйымдарда бар. Әрбір азамат тіркеу тұрғылықты жеріне және сақтандыру мәртебесіне қарамастан, гриппке қарсы вакцина ала алады.»

Сондай-ақ оқыңыз: