Алматы облысында 32 қаржыгер марапатталды

Ұлттық валюта - теңге күні қарсаңында Алматы облысының қаржы саласында еңбек ететін қызметкерлері марапатталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін қаржы саласының маңызы қашанда ерекше.

Бюджетті тиімді жоспарлау, салық түсімдерін қамтамасыз ету және қазынашылық жүйенің үздіксіз жұмысын үйлестіру - мемлекеттік саясаттың негізгі тіректерінің бірі. Осы міндеттерді абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекемен Қонаев қаласында өткен жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары құттықтады. Ол мамандарға өңірдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Салтанатты шара барысында 32 маман түрлі марапатқа ие болды. Оларға Қаржы министрінің арнайы төсбелгілері, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

ГҮЛНӘР ЖАСЫБАЕВА 
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Қаржы саласында 36 жыл жұмыс істедім. Соның арқасында міне рахмет, еңбегіміз еленіп, осындай үлкен мәртебеге жетіп жатырмыз. Бұл қаржының үздігі деген енді біздің ең жоғарғы награда деп ойлаймын. Қателікке болмайды бізде. Бір теңге былай, бір теңге былай жүрмейді. Баланс теңгерім деген бар, халықтың уақытында еңбек ақысын алуға, әлеуметтік төлемдерін алуға біз соған қызмет етеміз.

Сондай-ақ оқыңыз: