1400-ден астам қатысушы: Шаханов оқулары қалай өтті?
Елімізде алғаш рет «Мұхтар Шаханов оқулары» өтті. Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне 1400-ден астам өтінім түскен. Ал қорытынды кезеңге соның жүзге жуығы іріктелді. Негізі байқау қатысушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, оның сөзіне жазылған әндерді орындау, шығармаларының мазмұнын ашатын буктрейлер әзірлеу және өз туындыларын ұсыну бағыттары бойынша бақ сынады. Шараға мұрындық болған Мұхтар Шахановтың атындағы қор.
ШАЛҚАР ЖАҢАБЕРГЕНОВ
МҰХТАР ШАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ТӨРАҒАСЫ
- Ол қордың басты мақсаты ағамыздың артында қалған жырларын, өлеңдерін жұртшылыққа кеңінен таныстыру. Баяғы жырларын шет тілдеріне аударып, шетелдік кітапханалар мен халыққа тарату.