ҰҚК-де жаңа төраға тағайындалды

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты. Комитетті 4 жылдан аса басқарған Ермек Сағымбаев бүгін президент жарлығымен босатылып, орнына Марат Ирменов тағайындалды. Генерал-майор бұған дейін Сағымбаевтың орынбасары болған. Жаңа төрағаны таныстырып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құраммен жиын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар міндеттерді жүктеді. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басты назарда. Бұл бағытта жемқорлыққа жол бермеу үшін профилактикалық шаралар күшейтілуі керек. Ал Сағымбаевтың қызметтен босатылуын президенттің баспасөз қызметі «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» деп түсіндірді. «Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қызметтен босату туралы шешім қабылдағанда жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау жағдайын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды. Жалпы, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ісіндегі коррупциялық сипат еш күмән тудырмайды» деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ оқыңыз: