Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтті
Ташкентте өтіп жатқан Қазақстан киносы күндері аясында отандық екі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орайластырылған шарада отандық киноға баға беріліп қана қоймай, болашағы да талқыланды. «Қазақфильм» киностудиясы, Kinopark Theatres, Tiger Films және Dala Edge компаниялары мен елшіліктер мұрындық болған жиыннан тілшіміз толығырақ тарқатсын. Өзбекстандық көрерменге жол тартқан фильмнің бірі «Ерекше» деп аталады. Паралимпиадалық спорт түрі боччаға арналған алғашқы отандық туындыда тағдыр сынағына тап болған азаматтың арманы мен мақсатына жету жолындағы ерік-жігері көрсетіледі. Ел екінші фильм «Менің үлкен қазақ отбасым». Онда достық, ел бірлігі, отбасылық құндылықтар мен махаббат тақырыптары қозғалды.
ДАНИЭЛЬ ДЖЕЙМС
АКТЕР
«Фильмнің атауы – «Моя большая казахская семья». Сол жерде мен Майкльдің рөлін сомдаймын. Ол сценарий бойынша Лондоннан келген болашақ күйеу бала. Бірақ оны қайын атасы басында қабылдамайды. Ал ол нағыз махаббат үшін неге дайын екенін көрсетеді.»
Спорт пен ерік-жігерді арқау еткен «Ерекше» фильмінің көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының өкілдері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары арнайы келді. Сондай-ақ, жоба аясында екі ел кинематографистері ұлттық киноны дамыту және бірлесіп фильм түсіру мүмкіндіктерін талқылады.
ЕРЛАН БҰХАРБАЕВ
TIGER FILMS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
«Тәуелсіз Қазақстан киносын Өзбекстанда таныстыру біз үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе. Өзбекстандық көрермендердің көрсетілімдерге келіп, фильмдерімізді қызығушылықпен тамашалап жатқанын көріп отырмыз. Соңғы жылдары Өзбекстанда қазақстандық киноға деген қызығушылық едәуір артты. Сол сияқты Қазақстанда да өзбек киносының танымалдығы өсіп келеді. Бұл оң үрдіс бізді қуантады»
Бұл екі фильмнен бөлек, тағы төрт қазақстандық туынды көрермен назарына ұсынылды. Олардың қатарында апат туралы «Qaitadan» фильмі, отбасылық «Жабайы» фильмі, анимациялық «Алтын адам» фильмі мен биографиялық драма «Әміре» бар.