ҚазҰУ-де тағы бір студент көз жұмды: күдікті ұсталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тағы бір студент ажал құшты. Бірінші курс тәлімгерінің қазасына қатысты ақпарат бұл жолы да мардымсыз. География және табиғатты пайдалану факультеті студентінің өлімі қандай жағдайда, не себепті болғаны жайында университет басшылығы да, полиция да айтпай отыр. Тек "марқұмның отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсетілуде" деп қысқа қайырды баспасөз қызметі. Еске салсақ, он күн бұрын да осы университеттің журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапқан болатын. Оның өлімінің себебі де сол күйі жарияланған жоқ. Ал осы жолы күдікті ұсталған. Қылмыстық іс қозғалып, полиция мән-жайды анықтауға кірісіпті.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
«Аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.»