Өрт сөндіру көлігі мен Toyota соқтығысып, жүргізуші мерт болды
Алматыда таң алдында болған жол апаты жас жігіттің өмірін жалмады. Өрт сөндіру көлігі қиылыстардың бірінде жеңіл машинаны жаншып өткен.
Төтеншеліктерге тиесілі ауыр техника өрт сөндіруге асығып бара жатқан беті екен. Сөйтіп, бағдаршамнан өте бергенде қарсы беттегі Тойота Камриді таптаған күйі, ағашқа жаншып барып бір-ақ тоқтаған. Алған ауыр жарақатынан жеңіл машина тізгініндегі жігіт сол жерде жан тапсырды. Ал өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Жол апатына кінәліні полиция анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.