Бибігүл Төлегенова консерватория студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

Бүкіл ғұмырын өнерге арнаған Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова жеке шеберлік сабағын өткізді. Көпке бұйыра бермейтін мұндай мүмкіндікті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері пайдаланды. Жастар өнер саңлағының ғасырлар бойы жинақталған шеберлігін үйренді. Болашақ әртістер сахнада өз өнерін көрсетіп, әуен мен ырғақты сезінуден бастап, дұрыс тыныс алу сынды маңызды дағдылардың қыр-сырын меңгерді. Қазақтың бұлбұлы соңынан ерген жастардың талабы мен талантына өз бағасын да берді.

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТИСІ
- Қазіргі студенттердің қабілеті бұрынғы студенттерге қарағанда жоғары. Өйткені олардың көпшілігі музыкалық мектепті немесе музыка училищесін бітіріп келеді. Яғни барлығының музыкалық білімі бар. Сондықтан олармен жұмыс істеу жеңілірек.

ҚҰДАЙБЕРГЕН ЕРКЕБАЙ
СТУДЕНТ
- Бибігүл Төлегенқызының алдында өнер көрсету, әнді орындаудың өзі мен үшін үлкен мәртебе. Жалпы ішкі сезімдерім тамаша күйде. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Маған тыныс алу бойынша өзініңшағын шеберлік сағатын өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз: