Балгерлер мен коучтарға жаңа талап: енді әлеуметтік желіде не өзгермек?

Бал ашып, елдің болашағын айтып отыратындарға шектеу қойылмақ! Енді мұндай оккульттік қызметтер туралы ақпарат арнайы ескерту белгісі болмаса, жарияланбауы мүмкін.

Тиісті заң жобасына осындай өзгеріс енгізіліп отыр. Бұл тылсым күштерге қатысты ақпараттың ашықтығын арттырады дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Яғни бал ашып, болашақты болжап, бір түкірікпен бүкіл ауруды жазатындар контентті әлеуметтік желіде жарияламас бұрын материалдың ойын-сауық сипатында екенін және ғылыми немесе практикалық тұрғыдан расталмағанын ескертуі тиіс. Бұл талап бақсы-балгерлерге ғана емес, түрлі коучтерге, инста-ұстаздар мен өзін сарапшы ретінде таныстыратындарға да қатысты. Заң жобасы қазір Құрылтай депутаттарының талқылауында.

АРМАН ҚЫРЫҚБАЕВ
ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ
- Ұсынылып отырған талаптардың мақсаты - азаматтарға білім беру курстарын ұсынатын тұлғалардың тиісті білімі бар-жоғы туралы, сондай-ақ, ұсынылатын оккульттік қызметтің сипаты туралы ақпарат алуға мүмкіндік беру.

Сондай-ақ оқыңыз: