«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауда қалады

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев тергеу біткенше қамауда болады. “Самұрық-Қазына” қоры мен “Қазақстан Темір жолы” компаниясының басшыларына қатысты сот осындай шешім шығарды. Лауазымды екі тұлға өткен аптада ұсталған болатын. Екеуі де жемқорлық қылмысы бойынша күдікті деп танылған. Жақыпов пен Отыншиев ұсталған күні өздері тұрған үйдің ауласында бірнеше шабадан ақша шашылғанын ел көрді. Дегенмен, сөмке-сөмке долларға қатысты әлі де ресми ақпарат айтылған жоқ. Жақыпов пен Отыншиевтің де нақты қандай іс бойынша күдікке ілінгені әзірге белгісіз. “Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды” деп жауапты қысқа қайырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Сондай-ақ оқыңыз: