Ұйғыр ауданында малға жарық шағылыстыратын таспалар тағылуда
Ұйғыр ауданында төрт түлік мал да мойнына лента тағып жүр. Бұл сәндік үшін емес, қауіпсіздік мақсатында қолға алынған шара. Өйткені, жол бойында қараусыз жүрген малдың кесірінен болатын жол апаттары азаймай тұр. Ал жылқы немесе сиырдың мойнындағы лента түнде көлік шамына шағылысып, анық көрінеді. Бұл тізгіндегі жүргізушінің ертерек қамдануына үлкен мүмкіндік. Ветеринарлар әзірге 1 673 бас жылқыға арнайы лента таққан. Жалпы аудан бойынша 18 мыңға жуық жылқы және 100 мың басқа тарта ірі қара бар екен. Бәрін шүберекпен жылтыратып қою мүмкін емес. Сондықтан, малдың иелеріне түсіндіру жүргізіледі.
ЕРКЕБҰЛАН РЫСҚОЖАҰЛЫ, ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ
- Аудан аумағында республикалық қоғамдық маңызы бар автокөлік жолдарында мал қаулыстыруын сақтау алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларына таспа тағу жұмыстары ветеринарлық бөлім мамандарының жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ауыл шаруашылық малдарына таспа тағу түнгі уақытта автокөлік жүргізушілердің алыстан малдарды көруіне және апаттың алдын алуына қарқынды септігін тигізуде.