Жұмыссыздарға 346 мың теңгеге дейін жәрдемақы төленеді: кімдер ала алады?
Елімізде келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері артады. Жаңа тәртіп бойынша төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 45 пайызы көлемінде есептеледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жәрдемақы үш айға дейін төленеді. Ал оның ең жоғары мөлшері айына 346 мың 500 теңгеге дейін өспек. Жәрдемақы алу үшін алдымен мансап орталығына жүгініп, жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Егер 13 күн ішінде лайықты жұмыс табылмаса, азаматқа жұмыссыз мәртебесі беріледі. Осыдан кейін төлемге eGov.kz, Enbek.kz, банк қосымшалары немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш беруге болады. Айта кетейік, бұл әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға ғана беріледі.